Қазіргі таңда ғылым мен технология қарқынды дамуда. Қазақстандық оқушылар да әлемдік деңгейдегі жаңалықтарға үлес қосып жатыр. Солардың көш басында – Назарбаев Зияткерлік мектебінің талантты оқушылары тұр. Жақында олар бионикалық протез жасап шығарып, қоғамда ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам жасады.