кармакшы

Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде өткен тағылымды шара бейнепрологпен басталды. Бейнематериалда ауданның білім беру саласында қол жеткізген жетістіктері мен үздік білім ұжымдарының жұмысы, соңғы жылдардағы озат көрсеткіштері де көрсетіліп, ұстаздар қауымының еңбегі бағаланды.Шара барысында облыс және аудан әкімінің атынан үздік ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сый-сияпаттар табысталды.