Мұражай көне жәдігерлерді қойнына бүккен, бүгінгі ұрпаққа баба тарихынан сыр шертетін құндылыққа толы орын. Қызылорда қаласында К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектепте ұлт құндылықтарын сақтайтын мұражай жұмыс жасайды. Ал ондағы жәдігерлердің жинақталуы мен мұражайдың ашылуына мектептің ардагер ұстазы Күлаш Алматшаева мұрындық болған.