2025 жыл елімізде Президентіміздің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Қазіргі таңда энергетика және құрылыс салалары еліміздің инфрақұрылымдық және экономикалық тұрақтылығының негізі болып табылады. Электр станцияларының үздіксіз жұмыс істеуі, заманауи ғимараттардың салынуы, және жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту – мұның бәрі жоғары білікті жұмысшы мамандардың қолымен іске асырылады. Дегенмен, соңғы жылдары осы саладағы мамандықтарға қызығушылық төмендеп, жұмысшылардың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Президенттің бұл бастамасы осы мәселелерді шешуге бағытталған қадамдардың бірі.