Үстіміздегі
жылдың қазан айында Қызылорда қаласының тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау
кешені полигоның құрылысы мен сыртқы инженерлік желілерді жеткізу жобасы
басталмақ. Ол үшін Белкөл кенті аумағынан 20 гектар жер бөлініп отыр. Жағымды ақпаратпен
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Айдар Абдуалиев журналистермен өткен бас
қосуда осылай деп мәлімдеді.