Нұрдәулет Қалабеков

Мен, Қалабеков Нұрдәулет Қайратұлы 1993 жылы 9 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келдім.

1999 жылы  Жосалы кентінде орналасқан Үсен Томанов атындағы №183 орта мектептің табалдырығын аттап, оны 2010 жылы тәмамдадым. Сол жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Университет қабырғасында жүріп, әр түрлі қоғамдық шараларға белсене араласып, ректордың алғыс хатымен марапатталдым.

2014 жылы оқуды тәмамдаған соң дін істері басқармасына бас инспектор болып жұмысқа қабылдандым. Басқармада 5 ай жұмыс жасап, мемлекеттік мекеменің қысқаруы себепті, 2015 жылдың қаңтар айынан облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығына маман болып қызметке орналастым.

2015-2017 жылдары Қызылорда қаласы, Жосалы кенті мен Байқоңырда орталықтың маманы болып қызмет атқардым. Қармақшы ауданында жұмыс жасаған уақытымда аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым.

2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап, қазіргі күнге дейін «Қоғам ТВ» телерадио компаниясында редактормын. Сондай-ақ, «Шарайна» жаңалықтар топтамасының жүргізушісімін, аптадағы айшықты оқиғаларды  «Аптаның алты ауызы» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы арқылы көрерменге ұсынамын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *