Апта бойына жалғасқан тартысты дода өз мәресіне жетті. Сыр өңірінің оқ бойы озық спортшылары облыстық ересектер арасындағы тоғызқұмалақтан жекелей және командалық есепте бақ сынасқан болатын. Нәтижесінде Қызылорда қаласы командалық есепте 2 орынды иеленді.
Облыстық мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген бұл бәсекеге өңірдің 7 ауданы мен Байқоңыр Қызылорда қалаларынан барлығы 80 ге жуық ойыншылар қатысқан болатын. Ойшылдардың ойыны ерлер және әйелдер арасында өрбіді. Жәнеде командалық нәтижеден бөлек ойыншылар жекелей сындада бақтарын сынап, облыс құрамасы сапында өнер көрсетуге барын салды. Айта кетейік бүгінгі қорытындыға қарасақ Тоғызқұмалақ спортына деген қызығушылық басым, қолдау көп. Сондықтан ертеңгі болар чемпионаттарға облыс құрамасы толықтай дайын деп айта аламын дейді облыстың аға жаттықтырушысы.