Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөліміне экскурсия жасады. Кездесу барысында экологиялық мәселелер, экологиялық мәдениетті арттыру және жастардың экологиялық акцияларға қатысуы талқыланды.