Бүгінде өңірде соғыс ардагерлерінің саны азайды. Өкінішке орай бәрі де, келместің кемесіне мініп кеткен. Бірақ ұрысқа қатыспасада, шыбықтайынан еңбек майданында шыңдалған тыл ардагерлері аз емес. Тыл ардагері Әбдіреева Патымаш анамыздың жастық шағы екінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келді. Ол Қызылорда қаласы Сұлутөбе ауылы Бірлестік елді мекенінде дүниеге келген. 1943 жылы соғыс жылдары Тартоғай каналын қазуға қатысып, ауылда бел орақпен шөп орып ерең еңбектің үлгісін көрсеткен жан. Нан пісіретін комбинатта наубайханашы болып та жұмыс істеген. Бүгінгі күні, 9 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере, 14 шөбересі бар.