Жыр алыбы – Жамбыл

«Жібек Жолы» ойын-сауық орталығының кино залында «Менің пірім Сүйінбай» деп жырлап, айтыс аламанында шашасына шаң жұқпаған ақын Жамбыл Жабаевтың 170-жылдық мерейтойына қарсы «Қазақстан» телеарнасы 4-сериялы ақынның өмірі жайлы тарихи драма әзірлеген. Бұл кино 1наурыздан бастап Сыр жұртшылығына да жол тартты.
kino02
Фильмде тарихи кейіпкердің өмірбаяны ғана емес, сонымен қоса ХХ ғасырдың ортасындағы еліміздің сол дәуірдегі көрінісі көрсетілген. Басты рөлді сомдауға көптеген танымал актерлердің ішінен көп уақыт бойы жете іріктеу жүргізіліп, нәтижесінде Жамбыл рөлі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, композитор, драматург — Байғали Есеналиевке бұйырды. Фильмнің режиссері-Әнуар Райбаев. Телесериалдың негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының «Үшқоңыр» баурайында, Жамбыл облысы мен Мәскеуде түсірілді.
kino01
Ұлы ақын өзінен кейін бай мұра қалдырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлесін қосты. Оның ақындығын былай қойғанда, жыр алыбы айрықша суырып салма шешендігімен танымал. Жамбылдың поэзиясы әрдайым қарапайым халықпен байланысты болған.

Жамбылдың өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге мектебі, отаншылдыққтың негізі болып қала бермек. Фильм авторлары да осы мақсатты көздеген.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>