Жылыжайдағы көкөністер

Облыстық әкімдікте Самсунг компаниясымен БҰҰ ДБ өкілдері сондай ақ облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді. Самсунг компаниясының қаржыландыруының арқасында аудандар мен қалада жылыжай, бау бақша жұмыстарын дөңгелетіп отырған білім ошақтары жетерлік. Бірінші кезеңді қорытындылаған мамандар енді екінші кезеңнің жалғасатындығын жеткізді. БҰҰ ДБ мен Самсунг компаниясының 2015 жылы бастау алған «ауыз суды қорғаймыз» жобасы өз мәресіне жетті. Енді екінші кезең өз жалғасын таппақ.1 кезең бойынша жоба аясында 150 тұрғын үй шаруашылығы мен 19 әлеуметтік нысандар өз учаскелерінде тамшылатып суару технологияларын тиімді пайдаланған. Конференция барысында тек баяндамалар тыңдалып қана қоймай, химиялық қоспаларсыз өсірілген көкөністердің дәмін татуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ Серік Салауатұлы аталмыш жобаның қаржысы мен тиімділігіне тоқталды. Мәселен №268 мектеп ұжымымен оқушылары бірігіп, тамшылатып суару әдісі арқылы 10 соттық жердің жартысына көкөніс өсірген.Ал қалған бөлігін бақ қылған. Нәтижесінде білім ордасында ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ас мәзіріне қызанақ пен қияр және ас көктің қосылуына себепкер болған. Самсунг компаниясымен қолға алынғалы отырған екінші жобаның барысында да суды үнемдеу жолдарын қарастыруды мамандар жоспарлауда.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>