Жургізуші куәлігін оқымай алуға мүмкіндік жасалмақ

Облыстық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері журналистер мен блогерлерге және қатысуға ынта білдірген үміткерлерге арнап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Өзіңді сынап көр» баспасөз турын ұйымдастырды. Аталмыш шараның басты мақсаты – жүргізуші куәлігін алу үшін өткізілетін емтихандардың ашықтығы мен жариялылығын көрсету болып табылады.

CON_Erkanat

Пресс-тур барысында автомектептерде білім алмай-ақ, дербес дайындалу арқылы көлік жүргізуші куәлігін алуға болады деген норманы енгізудің маңызы мен мақсаты түсіндірілген брифинг өткізілді. Аталмыш брифингте Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алтынбек Ахметов пен сөз алып, жаңа жүйе бойынша тек автомотокөлік құралдарын басқарғысы келетін жүргізушілерге дербес әзірленуге мүмкіндік берілетінін алға тартып, бұл норма кәсіби жүргізушілерге қолданылмайтындығын ескертті. Аида Әбибуллаеваның айтуынша, өткен жылы 33 мың 798 өтінім келіп түскен, оның ішінде 3 мың 768 адам жүргізуші куәлігін алған. Ал осы жылдың төрт айында 14 мың 403 өтінім келіп түссе, 1 мың 918 адам жүргізуші куәлігін алған. Қазіргі таңда куәлік алуға ниеттенденгендер бұрынғысынша сабылып құжат жинап жүрмейді. Осы ғимарат ішінде медициналық тексерістен өтіп, барлық жұмысты бір жерден тындыруға болады екен. Содан соң пресс-турға қатысушылар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жол жүрісі ережесінен теориялық емтихан қабылдау бөлмесін және нақты уақыт режимінде тәжірибелік емтихан тапсыру барысын бейнекамера арқылы бақылайтын диспетчерлік пунктін аралап көрді. Айта кету керек, емтихан қабылдау рәсімі бұрынғыдай болып қала береді, теориялық және тәжірибелік 2 кезеңнен тұрады.

CON_Erkanat01
CON_Erkanat02
CON_Erkanat03
CON_Erkanat04

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>