Жігерлі жандар

Біздің қазіргі бейнебаянымыздың кейіпкерлері ерлі-зайыпты Бақытбек Сейтбаев пен Күләш Тілеуовалар төзімі мықты, жігерлі жандар. Ауыр жарақат та, мүгедектер арбасы мен алда қалай өмір сүреміз деген күрмеуі қиын сұрақтар да олардың жігерін жасыта алмаған. Титоп қыстағында тұратын Бақытбек пен Күлаш мүмкіндігі шектеулі жандар. Екеуі де бірінші топ мүгедегі. 13 жасар қыздарымен аядай ғана времянкада тұрады. Жәрдем ақыға алатын 44 мың теңгемен несиеге алған осы болмашы баспанада өз хал-қадірлерінше өмір сүруде. Олардың баспанасының болмашылығына қарамай Титов қыстағындағы үлгілі үйге жатады. Мүмкіндіктері шектеулі болса да тұратын жерлерін түрлендіріп отыр. Отағасы Бақытбек өзінің ескі серігі «Жугилиімен» тірлік жасайды. Барлық шаруасын да бітіреді. Жұбайы Күлаш үй шаруасын ұршықша иіріп отыр. Өздерінң өмірге деген құштарлығының, жегерлерінің мықтылығының арқасында Бақытбек пен Күлаш өздерін ғана емес, айналасын да шуаққа бөлейді. Времянкада тұрса да пәтер кезегінің тізімінде бар. Болашақтарынан үміт күтетін ерлі-зайыптылар жарық күннің де жақын екендіктеріне сенімді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>