Жастардың шығармашылыққа көзқарасы

«Жігер» облыстық спортшы мүгедектер қоғамы мен көркемсурет галереясының ұжымы бірлесіп байқау ұйымдастырды. Шараға қылқаламды серік еткен №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп интернатының өнерлі оқушылары қатысты.
muzei03
Ең алдымен сайысқа қатысушылар атақты суретшілердің туындыларымен танысып, сурет өнерінің қыр-сырына үңілді. Мүмкіндігі шектеулі жас өрендерге музей ішіндегі әр түрлі жанрлардың мазмұны мен мәнін ұғындырдылды.
muzei04
Сайысқа шығармашылыққа қабілеті бар жас ұрпақтар ат салысты. Байқауды ұйымдастырушылар оқушыларды тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, бойындағы кемшіліктерге қарамастан жеке тұлға қалыптастыруға бүгінгідей шаралардың маңызы зор екендігін айтады.
muzei01
Өмірдің қызықты сәттерінің бір бөлігін суреттеуге талпынған балалардың бірі табиғаттың суретін салса, келесісі өзіне жақын жандардың бейнесін салды. Осылайша өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер арасында Нұрдаулет Палмағанмет жүлделі 1 – ші орынды иеленсе, ерекше көзге түскен Еркеұлан Қуандық 2 – ші орынды қанжығасына байлады. Ал кезекті 3 – ші орынды Аслан Қали қанағат тұтты. Қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленген оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>