Жастар акциясы

Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорын ұйымдастыруымен қалалық демалыс паркінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жастар акция өткізілді
Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне биыл 550 жыл толады. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға. Ол ұлан байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда,қазақтың этникалық аумағын біріктіруде,қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдында жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Осы аталмыш мерекеге орай Сыр жұлдыздарының қатысуымен қалалық демалыс паркінде жастар акциясы өтті.
горпарк 1
Акция барысында облысымыздың жас өнерпаздары,танымал әншілер және би топтары өнерлерін ортаға салды.Акцияның мақсаты: азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен мемлекетттің достығын нығайтуға бағытталған.Шара барысында қала тұрғындары көтеріңкі көңіл күймен,барша қазақстандықтарды мерекелерімен құттықтады
горпарк 3
Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы,тұтастану тарихы.Қазақ тек бірігу,бірлесу жолында келе жатқан халық,- деп Елбасымыз айтып өткендей осы ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>