Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру

Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынастарын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын жан-жақты іскер жұмысшы дайндау бүгінгі кәсіптік білем ордаларының басы мақсаты болса, ол үдеден Шиелі индустриылды-аграрлық колледжі толық шығып отыр. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы үйімдастырған пресс турда көз жеткіздік.

Шиелі индустриялды-аграрлық колледжі өз шәкірттерінің білікті маман болып шығуып, теориялық білімін нақты еңбекпен ұштастыру үшін аудан көлеміндегі «Әлеуметтік» серіктестіктер мен ірі кәсіпорындар «Марсель Груп» компаниясы, №6 кен басқармасы, «Реммонтаж сервис-Шиелі»,  «Семізбай U» серіктестіктері, «Волковгеология»АҚ 23 филиалы тағыда басқа өндіріс орындарымен тығыз байланыста. Өзерінің де өндіріс шеберлерінің кәсіби біліктілігі арқасында колледж түлектеріне сұранс мол.

Колледждің    оқу-техникалық базасы жақсарған үстіне жақсарып келеді. Сондықтан да олар мұндай оқып үйренгендерін өмірде  қиналмай қолданады. Электриктері қалаған желіні жалғай беретін болса, дәнекерлеушілері бесаспап маман.  Әр түрлі техникалардың моторларын жөндеп үйренгендер бұл оқып-тоқығандары алдарынан шығып отырғанын айтады.

Аспаздық оқып жатқандардың арнайы ас пісіріп, үйренетін асханалары, кісі күтіп үйренетін шағын залдары бар. Ал, дәнекерлеушілері өздеріне арналған цехта, дәнекерлеу мен пісірудің сан алуан әдістерін үйренуде. Тіпті басқа еш оқу орындарында жоқ, спирт құйып, су астында да дәнекерлеу жұмыстарын жасайтын құрал тек осында бар, тек осындай үйретеді. Шиелі индустриялық-аграрлық колледжі кәсіби білім берумен қатар қажетті пәндерден де сапалы білім береді. Физика, химия, қазақ тілі кабинеттері заманауи жабдықталған. Мұғалімдірі білікті. Бүгінгі уақыттың талабын орындап отырған Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің көкжиегі кең.

Тілеген Бекарыстанов, Айдос Исаев Қызылорда қоғамдық телеарнасы

Поделиться:

Автор Айзада Муратова

Корреспондент телеканала "Когам-ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>