Жасампаз жасақ жобасына қатысушылар

«Жасампаз жасақ» жобасына қатысушылар саны күннен күнге артуда. Солардың бірі Ұлы Отан соғысың майдангері Әлібай Әбеновтың ұл қыздары 9 мамыр күні сағат 8 00 де өтетін шеруге шығуға сақадай сай, дайын отыр.

Бес Полк

ҰОС ардагері Әлібай Әбеновтң ұлы Сақтапберген аға мен қызы Сәуле апай өз әкесінің ерлігі мен есімін ұмыт қалдырмай жобаға жыл сайын қатысып келеді. Әлібай Бекұлы Әбенов 1912 жылы ақпан айында Тереңөзек ауданында дүниеге келген.1932-1937 жылдары аралығында ауылшаруашылығы институтын агроном мамандығын оқып тәмамдаған.ҰОСына дейін облысымыздың 12 колхозында агроном болған.1 942 жылы майданға шақырылып атқыштар полкының сеыси жетекшісі болған. «Ұлты Отан соғысы» орденімен, «Воршаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», медальдермен марапатталған. 1945 жылы Берлинді алу кезінде жарақат алған. Жұбайы Гүлбахрам Мосқалбайқызымен бас қосып, 6 қыз 1 ұлды дүние әкеледі. Барлық ұл қыздарын жоғары білім алдырып,оқытқан. Сол балаларынан қазір 27 немере, 33 шөберелер бар. Әлібай ата інісі Елібай Әбеновпен бірге соғысқа аттанған. 1943 жылы аяғынан ауыр жарақат алып, соның салдарынан көз жұмған. Әлібай ата 1946 жылы Жапон жерінде болып, бір жылдан кейін оралған. 1947-1948 жылдары Жаңақорған ауданы жер бөлімінің бастығы болған. Партияның нұсқауымен МТС-те партия ұйымының хатшысы, 1953-1955 жылы аралығында Шиелі ауданы Қызыл Ту қазіргі, Жақаев ауылының колхоз төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Күрішші Ыбырай Жақаевпен бірге еңбек істеген. 1959 жылы Мәскеу қаласына Еңбек ерлерімен бірге жиынға барып қайтқан. Әлібай Әбенов өмір жолында халық қалаулысы болып, ғұмырының аяғына дейін, Комсомол совхозы қазіргі Қызылжарма ауылында аянбай қызмет еткен. 1977 жылы 12 ақпанда қарт солдат дүниеден өтті. Осындай батырымыздың ұрпақтарының қазіргі жастарға айтары бар және «жасампаз жасақ» жобасының үйлестірушілеріне шексіз алғысын білдіріп, барлықтарыңызды жобаға бір кісідей қатысуға шақырды. Осындай ерлік көрсеткен ата әжелерімізді жастарға насихаттай отырып ұмыт қалдырмай «Жасампаз жасақ» жобасына қатысамын деушілерді 9 мамыр күні сағат 8 00 орталық алаңда күтеміз.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>