Жасампаз жасақ

Қоғам тв телеарнасының бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Жасампаз жасақ» жобасы биыл 4-жыл өткізілмекші. Елді, жерді қорғауда жан пида еткен аталарымыздың ерен еңбегі өскелен ұрпақ жадынан еш уақыт өшпеуі тиіс. 9 мамыр күні батыр аталарымыздың суретін орталық алаңнан тағызым алаңына алып жүру үшін балалары дайын.

Ветеран

1940 жылы дүниеге келген Алпысбаев Олжабай атайдың бүгінде 8 баласы, 15 немересі,6 шөбересі бар. Зұлмат жылдары бір үйден ағайынды ағалы інілі әкесі мен ағасы соғысққа аттанған. Олжабай атайдың әкесі Алпысбаев Айып 1905 жылы Жалағаш ауданы, «Елтай» елді мекенің де дүниеге келген. 1942 жылы Мәскеуге майданға аттанып, хабарсыз кеткен. Баласы Олжабай атай қаралы қағаз келген уақытты еске алып, әке бейнесін сағынып көзіне жас алды. Алпысбаев Олжабай атайдың сәби күні, жастық шағы соғыс кезеңімен тұспа тұс келіп бел жазбай ауыр еңбек еткен. Бала болып асыр салып ойнау емес, үлкендерге қол қабыс ету үшін масақ теріп, күрішті тазартқан. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып бара жатқандығы қынжылтады! Аталар жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке ел жадында!

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>