Жас полицейлер ант берді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментіне жаңадан қабылданған 25 жас қызметкер егеменді ел алдында адал болуға ант берді. Қызметкерлердің 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырса, қалғандары тергеуші, анықтаушы және жедел уәкілдер. Олардың арасында 3-еуі қыз. Нәзік жандылар әскери салада ерлермен йық тіресе қызмет атқарамыз деп білек сыбануда. Облыстық ішкі істер департаменті ұжымы Тәуелсіздікке арналған шараны әдетінше мемлекеттік Гимді орындаумен бастады. Одан соң ортаға ішкі істер органына жаңадан қабылданған қызметкерлер ортаға шығып ант қабылдады. Департамент бастығының орынбасары ант қабылдау шарасын арнайы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткіздік дегенді айтады. Өйткені бүгінгі мереке жас буынның бойына рух береді деген сенімде. Ант қабылдаған жас полицей лердің бірі Сағындық Мырзахметов. ОЛ бұл күнді бала кезден армандады. Аңсаған арманына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жетуін ерекше бақытқа балайды. Және ол болашақта егемен елінің қауіпсіздігін кірпік қақпай күзететініне сенімді. Сағындықтың анасы Мейрамкүл Дүйсенбаева бүгінгі шараға арнайы келген. Ол өз ұлының Тәуелсіз елі алдында ант бергенін көзімен көргісі келді. Ана жүрегі Сағындықтың алдағы уақытта қызметіне адал полицей боларына сенеді. Жиында 25 жас полицейге ішкі істер органдарының ардагерлері де сәттілік тілеп, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады. Соңында ішкі істер департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы ұрыс қимылдарын көрсетіп, көпті тәнті етті.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>