ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНЛАҒАН ТУРНИР

Қазақстанның даңқты футболшыларының бірі болған Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Әбіл  Арынұлы  бүкіл өмірін жергілікті командаға арнады. Өзінің 18 жасында қосалқы құрамнан алаңға шыға салысымен  Кентаулық Горняк клубына доп соққан ол Қайсар сапында жиырма шылдан астам уақытта 700-ге жуық  кездесуде 24 гол соғып, әріптестерінің алды болды. Футболшы маңсабын 41 жасында аяқтаған соң, Қайсардың жаттықтырушысы және спорт директоры қызметын атқарды. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа 9  ардагер команда қатысты.  Финалда Ардагер командасы мен ПетроҚазақстан аяқдопшылары кездесті. Олар өткен жылы да финалда жүздесіп, 5-2 есебімен Ардагер командасы жеңіс тойын тойлатқан еді.  Биыл да Ардагерліктер кубокты қарсыластарына бермей 3-2 есебімен жеңіске жетті. Қайсардың экс ойыншыларынан құралған Қайсар футболшылар қола жүлде үшін таласта   Сығанақ ұжымынан 8-2 ойсырата жеңілді.  Турнирдің үздік ойыншысы номинациясы Ардагер командасының ойыншысы Берік Жаппасбаевқа бұйырды

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>