Жампоз жырау

Нартай Бекежанов атындағы драма театрда қазақ халхының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғыртуға арналған «Ұлы дала әуендері» атты жыр кеші болды. Шара Қазақстан Републикасының еңбек сіңірген қайраткері, фальклортанушы ғалым Алмас Алматовтың алпыс жылдығына орай ұйымдастырылды. Сыр өңірінен шыққан,жыраулық дәстүрді жалғастырып,қазағымыздың қаймағы бұзылмаған өнерін дәріптеп жүрген ағамыз бүгінде өз елінің мақтанышы. Облыс әкінің қолдауымен өткен шарада жыршының шығармашылығына арналған көрме даярланды. Сонымен бірге, дәстүрлі орындаушылардың концерті болды. Аталмыш шараға қазағымыздың көмейінде бұлбұл ойнаған жыршылары келіп өз өнерлерін халыққа паш етті. Сондай-ақ, түркі тектес қандас бауырларымыз,қырғыз,әзірбайжан және өзбек елінен келген өнерпаздар керемет дауыстарымен көрермен жүрегін жаулап алды. Рухымызды көтерер,өнерді жанымен түсінген өнерпаз жандар барда қазақ өнері ешқашан келте болмайды. Әрдайым ұлт намысын биік ұстаған азаматтарымыз қасиетті дәстүрімізді мәңгілік шарықтата бермек.

Алмас Алматов

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>