Жаңадан салынатын үйлердің іргетасы қаланды

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Алдымен жаңадан бой көтерген Отырар сауда үйіне бас сұққан өңір басшысы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Одан соң Сәулет мөлтек ауданында бой көтеретін 350 пәтерлі 7 үй мен Сырдария мөлтек ауданында соғылатын 100 пәтерлі 2 көпқабатты үйдің іргетасын қалау шарасына қатысты.
облаким аралау 1
Осыдан біраз уақыт бұрын Отырар сауда үйі отқа оранып, қабырғасы қақыраған еді. Қанша кәсіпкер сол кезде шығынға да батқан болатын. Енді міне бүгін сауда үйі қайта бой көтеріп, қызылордалықтар қуанышына айналып отыр. Заманауи үлгіде салынған сауда үйі біршама кәсіпкерге де жұмыс болмақ. Нысан иесі мұндағы өнімдердің бағасын халық қалтасына ыңғайлы етуді мақсат еткен.
облаким аралау 3
Сауда үйінің бірінші және екінші қабатына азық-түлік өнімдері қойылмақ. 3-4-ші қабатында киім-кешек сатылады деп жоспарланған. Ал өжіресі көкөніске арналған. Нысанды аралаған аймақ басшысы кәсіп иесіне сәттілік тіледі. Мұнан соң аймақ басшысы Сәулет мөлтек ауданында құрылысы басталған 350 пәтерлі 7 үйдің жобалау жұмыстарымен танысты. Бұл баспаналар «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде бой түземек. «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы қаржыландырылған жұмыс ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланыпты.
облаким аралау 2
Облыс тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында Сырдария мөлтек ауданында да 100 қабатты 2 үй бой көтермек. Құрылыс Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің дағдарысқа қарсы «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Көпқабатты үйдің іргетасын қалау рәсімінде аталған компанияның басқарма басшысы Айбатыр Жұмағұлов бағдарламаның Сыр өңірінде алғаш іске асырылып жатқандығын айта кетті. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 40 мың шаршы метрді құрайтын 12 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Алғашқы екеуі осы үй болса, қалған 500 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үй жаңадан бой көтеретін «Арай-3» мөлтек ауданында салынады. Бұл жыл ішінде «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 600 қызылордалық баспаналы болады деген сөз.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>