Жаңа жыл мерекесі өткізілді

Шараға жиналған ата аналар үшін алдымен балақайлар «Қош келдің Жаңа жыл» әнің хормен орындады. Мұнан соң бір бірдеп ортаға шығып «Аяз ата», «Ақшақар», «Қыс» тақырыптарында тақпақтарын айтты. Бірі аққаланың, бірі қыс мезгілінде ұйқыны жақсы көретің аюдың киімін киіп би биледі. Жаңа жылдың сәні кім деген сұраққа кішкене бүлдіршіндер аяз ата мен ақшақар десті. Алайда алыс жерден аяз ата келемін дегенше, жаңа жылдық ертеңгілікке жамандық атауының досы мыстан әжей бірінші келді. Ақылды балалар бұл жағымсыз кейіпкерден қорықпай аяз атаның қапшығының кілтін өнерлерін ортаға салып қайтарып берді. Түрлі қойылымдар мен әсем безендірілетін имұндай мерекелік кештер Шаттық балабақшасында көптеп ұйымдастырылып келеді. Екінші кіші топ бүлдіршіндерінің бәрі ақылды. Келе жатқан жыл деген сұраққа таласа мешін деп жауап берді. Сонымен бұл ертеңгілікте ортаға мешін шықты. Балаларға ақ тілегін жаудырғаннан кейін,өнерлерін тамашалады. Келе жатқан жаңа мешін жылын №5 Шаттық бөбекжайының балақайлары жоғары деңгейде атап өтті.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>