Жаңа әкім ауылдықтарға таныстырылды

Қала әкімі Қызылөзек елді мекенінде болып, жаңадан сайланған ауылдық округі әкімін халыққа таныстырды.
Қалалық мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылы 20-шы қаңтар күні Қызылөзек ауылдық округінің әкімін сайлады. Жабық дауыс беруге 19 халық қалаулысының 17-сі қатысты. Ернұр Ақылбекұлы сайлаудың қорытындысы бойынша 12 дауыс жинады. Ернұр Нұржанов 1983 жылы 15 мамырда Жалағаш ауданы ЖАңадария ауылында дүниеге келген. 2001-2005 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нде заңгер мамандығы, 2009-2011 жылдары Болашақ университеті құрылысщы мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының маманы болып бастап, Қалалық Тұрғын үй қызметі МККнің жетекші маманы, әлеуметтік экономикалық дамыту секторының бас инспекторы, 2013 жылдан бастап Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін абыроймен атқарған. Жиналған ауыл тұрғындары сайланған жас әкімге сәттілік тілеп көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Жаңа әкім енді ауылды гүлдендіру жұмысына кіріспек. Нұрлыбек Машбекұлы Ернұр Ақылбекұлына жаңа қызметте табыс тіледі.

аким

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>