ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАСТАР ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ

Жаңақорған ауданында ағымдағы жылдың 3 айында 60 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген. Олардың біреуі қыз бала. Полиция қызметкерлері олардың 52-сі түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүргені үшін шара қолданған. Ал, 1 жасөспірімнің — қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін ата-аналасына хаттама толтырылып айыппұл салыныпты. Есепті мерзімде 10 жасөспірім  есепке  алынған. Казіргі таңда аудан бойынша 14-18 жас аралығында  25 жасөспірім есепте тұрған көрінеді. Аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобында 6 қолайсыз отбасы есепке алынған. Жастар мен жасөсіпірімдер арасындағы осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. «Біз қылмысқа қарсымыз» деп аталған жиында тәртіп сақшылары мен аудан прокурорлары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға қылмыстық жауапкершіліктің қатаң екендігін ескертті

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>