Халық жазушысына құрмет

Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйіндегі сенбілік кездесуге оқырмандар көп келді Олар өздерінің жерлестері, әйгілі «Қан мен тер» трилогиясының, «Сең», «Соңғы парыз» романдарымен қатар тағы да басқа көптеген шығырмалардың авторы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен жүздесуге жиналғандар. Жазушының тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарыққа шықты. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілген. «Курляндия» романы кейіннен өңделіп, толықтырылып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жарияланған. «Қан мен тер» трилогиясы және «Сең», «Соңғы парыз» романдары дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» трилогиясы орыс, француз, испан, чех, румын және түрік тілдеріне тәржімаланған. Бүгінгі кездесу кешіне келген кітапсүйер қауым үшін мәдениет үйінде жазушының туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.

tokmaganbetov02

Кездесуде оқырмандар сүйікті жазушыларына өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып ой бөлісіп пікір алысты. Қаламгердің щығармашылығы мен өмірі жайлы көптеген жаңа мағұлыматтарға қанықты. Сыр бойылық жазушының, абыз ақсақалдың мерей тойы енді өзінің туған жері Арал ауданында жалғаспақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>