Волейболдан ХVІІІ халықаралық турнир өтті

Тереңөзек кентінде жасөспірімдер арасында волейболдан 18-халықаралық турнир басталды. Биылғы жылы байрақты бәсекеде 22 команда, яғни 250 спортшы бақ сынаспақ. Жарысқа қатысушылар бұл шараның жылдан жылға дамып келе жатқанын сөз етуде. Осымен 18-ші рет өз шымылдығын түрге спорттық шара әдеттегідей 20-дан астам команданың басын қосты. Турнирдің Тереңөзек кентінде өтуі тегін емес дейді ұйымдастырушылар. Өйткені осы жерден талай спортшы үлкен жарыстарға қадам басқан екен. Биылғы бәсекеден де олар мол нәтиже күтеді. Жарысқа өз саңылақтарын алып келген Түркістан қаласы құрамасының бапкері мұндай жарыстардың жасөспірімдерге берері мол екендігін айтады. Тереңөзектегі турнирден қанаттанған жас спортшылар ел чемипионаттарында жеңіс тұғырынан көрінуге тырысады екен. Өйткені мұндағы шара жас жеткіншектің жігеріне жігер қосатын көрінеді. Жасөспірімдерді жеңіс шыңына жетелейтін бұл турнир 3 күні бойы өтеді деп күтілуде. Жарыс жеңімпаздары 24-ші қыркүйек күні анықталатын болады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>