Травматолог-ортопед дәрігерлерінің конференциясы болып өтті

Облыстық медицина орталығында алғаш рет травматолог-ортопед дәрігерлерінің 1-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Аталмыш конференцияға аудандық, облыстық емдеу мекемелерінен хирург-травматологтар қатысты.

ОМЦ

«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау» демекші, қазіргі таңда халық денсаулығы ең алғашқы орында. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржының басым бөлігі де денсаулық сақтау саласына бөлінуде. Әрине оның барлығы халық иігілі үшін жасалуда. Ең алғаш рет өткізілген бұл шараға аудандық,облыстық емдеу орталықтарынан мамандар қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қазіргі таңда екінің бірі жарақат алып жатады. Бұрындары халық жұқпалы аурулардан көз жұмып жатса, қазір жарақаттан алған асқынулардан өлім саны көбеюде. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, аурудың алдын алған жөн. Жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы халықтың денсаулығын жақсарту болып отыр. Шара соңында конференцияға қатысушылар «осындай бастама медицина да керек екенін және де әрі қарай жалғасын тапса екен»,-деген жылы лебіздерін білдірді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>