БОЗКІЛЕМ БӘСЕКЕСІ

2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақша күрестен облыстық турнир басталды.  Ақпан айының 25-28 күндері Нұр-Сұлтан қаласында  өтетін республикалық жарысқа іріктеу болып саналатын бұл бәсекеге аймағымыздың 250-ге жуық  бозкілем шеберлері қатысты

ҚАЙСАР ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Қызылорданың Қайсар футбол клубы Қазақстан кубогінің финалына өтті. Жартылай финалдың жауапты ойынында түз тағылары Қостанайлық Тобылмен кездесті. Тартысты өткен матчта Қайсар қайсарлық көрсетіп, 3 – 1 есебімен жеңіске жетті. Финалдық ойын 22 қыркүйекте өтетін болады. Қайсардың ақтық сындағы қарсыласы Атыраулықтар.…

Толығырақ

КЕЗЕКТІ 43 СЕССИЯ

6 сайланған қалалық мәслихат депутаттары кезекті 43 сессияда бас қосты. Онда халық қалаулылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардан қорғану бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысы қозғалды. Сондай-ақ, өзге де мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. 

ШИЕЛІНІҢ ЕЛ ҚЫЗЫҚҚАН ҚЫЗАНАҒЫ

БАҚ өкілдері Шиелі ауданы,Алғабас ауылына баспасөз турына барды. Журналисттер мұндағы бақша өнімдерінің түрлерімен танысып, бақша күтушілерінің жоспарларын тыңдап қайтты.

ШИЕЛІНІҢ ТІЛ ҮЙІРЕР БАЛМҰЗДАҒЫ

Шиелідегі бақша өнімдерінің жұмысымен танысқан БАҚ өкілдері «АРУ АНА » шұбат цехына бет алды. Ашылған  уақыттан бері бұл цехта мақтана айтатын жағымды жаңалықтар жетерлік. Сүт өнімдерінен өзге мұнда балмұздақ шығаруды да қолға алған.

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС ГЕОГРАФТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Сыр елінің  дарынды жастары республикалық сайыстан олжалы оралды. Қарағанды қаласында маусымның 11-12 күндері  жас экологтар мен өлкетанушылар  арасында «Табиғатты аяла» атты  форумы өтті.