Тазалық — мәдениетіліктің өлшемі

Тазалық сақтау ең алдымен адам баласының мәдениетілігін білдіретін болса,бүгін сол түсінікке Қызылорда тазалық сақтау мекемесі жан бітіргендей болды.Қаламызды ластамау барлық тұрғындарына міндетті болғандықтан,әр үйдің иелері өздеріне тиесілі жерлеріне қоқыс тастамауға жауапты.

TAZALYK SAYAHAT02

Сенбілікке шыққан тазалықшылар көше маңындағы қоқыстарды жинап, лас су жиналған көлшіктерді құммен тегістеді.Сондай-ақ мекеме маманы тұрғындардың үйден шыққан тұрмыстық қалдықтарын арнайы қоқыс салу орнына емес,көше бойына тастайтындығын айтты.

TAZALYK SAYAHAT

«Саяхат» мөлтек ауданынан жер учаскісі бар азаматтардың «Жерді тегістеу үшін әкелінген тұрмыстық қалдықтары көше бойына ұшып, ауданды ластауда»- дейді көше тұрғындары.Сол жерде тұратын көше халқының айтуынша жарамсыз болған қоқыс заттардан түрлі жағымсыз иістер шығып, ауаны ластап жатқандығын жеткізді.

TAZALYK SAYAHAT01

Тұрғындардың айтуына қарағанда осы жердің қожайыны «Саяхат» моншасының иесі Фазыл есімді азамат екендігі белгілі болды. Тазалықшылар алдағы уақытта өз жеке меншігіне тиесілі жерлерді ретке келтірмесе, сот арқылы иелеріне айыппұл төлетеміз дейді Қызылорда тазалық мекеме қызметкерлері.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>