Тәуелсіз Қазақстан пойызы-қызылордаға келді

Кеше «Тәуелсіз қазақстан пойызы» Қызылордаға келді. Құрамында 270-тей мүшелері бар топ бас шаһарды аралап,тұрғындарға әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді.Кеште облыс өнер шеберлерінің қызықты концерт бағдарламасын тамашалады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай түзілген «Тәуелсіз қазақстан пойызы» кеше қызылордаға келді.Құрамында парламент мәжілісінің депутатары ,қазақстан халқы асссамблеясының мүшелері сондай-ақ бірнеше министрліктер мен ұлттық компания өкілдері және дәрігерлер мен заңгерлері бар топ бас шаһарды күні бойы аралап, қала халқына түрлі кеңестер берді. Осыдан бір ай бұрын сапарға шыққан топ мүшелері көптеген елді мекендерге тоқтап, ол жерлерде еліміздің ширек ғасыр ішінде қол жеткен жетістіктерін насихаттаған.. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, зейнетақы басқа да мәселелер туралы түрлі орындарда тұрғындармен кездесіп, дәрігерлік ,қоғамдық қабылдаулар, консултациялық кеңестер өткізген .Сонымен бірге кем қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық шараларын да ұйымдастырған. Облыс орталығында бір күн бойы болған делегация мүшелері кеште Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық филармония әншілері мен бишілерінің қызықты ғала концерт бағдарламасын тамашалады.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>