Тәрбиенің үш діңгегі

Отбасы.Мектеп. Қоғам-игілікті болашақ үшін. Осы тақарыппен №1 мектеп гимназияда қалалық семинар өтті. Оған қаладағы барлық білім беру ұйымдары директорларының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып 4 секция бойынша жұмыс жүргізілді. Тәрбие- баршаның ісі. Әсіресе ата-аналардың қасиетті борышы. Халқымыз мұны «Ұлы жол өз табалдырығыңнан басталады» деген бір ауыз сөзбен түйіндеген. Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп,үлкен жолын табады. Баланы мектепке сілтеп тастаған ата-аналар өз жауапкершілігінен жалтарғаны десекте артық айтқандық емес. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді. Аталған жайларды талқылаған семинарға қатысушылар тәрбиенің тұма бастауы ұлттық салт-дәстүрлеріміздің желісінде өрілген көрністерге тәнті болды. Баланы жастайынан қалай тәрбиелесің, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап,ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді жадымыздан шығармай, есте сақтаған жөн сияқты. Кішкентайынан еңбекке баулып,адал болуға, үлкенді сыйлауға үйрету-ата-ананың басты міндеті. Бұл мәселер сынып жетекшінің ата-анамен жұмысы,ғаламтордың бала тәрбиесіне әсері,әжелер мектебінің тынысы сынды секциялар жұмысында жан-жақты зерделенді. Бір айта кетерлігі бұл мектепте 10 жұп егіздер оқиды екен. Семинардың бір тармағында егіздер-егіз жаратылған жандар ток-шоуы ұйымдастырылып егіздерді дүниеге әкелген аналар қонаққа шақырылыпты.«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ,жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп , ата-ана қоғам болып бірлесе жұмыс жасау негізгі діңгек.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>