Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Облыстық прокуратураның ғимаратында салаларалық жиын өткізілді. Оған құқық қорғау орындарының, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Негізгі қозғаған тақырыбы тұрмыстық зорлық-зобылық турасында болған жиынды ақпараттандыру үшін бұхаралық апарат құралдарының өкілдері де арнайы шақырылды. Жеке үстемдікке ұмтылу, өзінің айтақаны болғанын қалау, «менікі дұрыс» деген біржақты пікірді ұстану-отбасындағы жанжалға, әлі жеткеннің әлсізіне зорлық-зомбылық, күш көрсетуі қазіргі шаңырақтарың кейбірінің шырқын бұзып келеді. Айналасында осындай зорлық зобылыққа, күш көрсетулерге жол беріліп жатқанда оның көршілері «әркімнің өз шаруасы» деген немқұрайлылықты ұстанып, көзжұмбайлыққа бармай «Көрші ақысы тәңір ақысы» дегендей оқиғаның өршіп кетпеуіне араласуы керек. Жиынға қатысушылар кейбір ерлі-зайыптылар мен кикілжіңі көп отбасыларда кездесіп қалар келеңсіздіктің алдын алу үшін атқарылар шаралар қатарын мақұлдады. Қазіргі қоғамдағы күрмеуі қиын әлеуметтік мәселе кім-кімді де бей-жай қалдырмаса керек. Сондықтан оны шешу құқық қорғау орындарының жұмысы демей бәріміз бірдей жауапкершілікті сезінуіміз керек.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>