Тұрғындардың электр жарығына қарызы қордаланған

Қала тұрғындарының электр жарығына деген қарызы қордаланған. Бүгінгі таңда шахар жұртының жарыққа берешегі 70 млн. теңгеден асып жығылса, оның 30 млн. теңгесін сот мәжбүрлеп төлеуге шешім шығарған. Мекеме қызметкерлері рейд ұйымдастырып, берешек тұрғындардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
reid svet2
Қаламыздың бір ғана Шанхай жақ ауданында тұрғындардың жарыққа қарызы 28 млн теңгеден асып жығылған. Қарыз жинаушылар келгенде тұрғындардың көбі үй есігін ашпай, жасырынып қалатын көрінеді. Ол үйлерді электр желісінен ажыратқанымен, борышкерлер мамандар кетісімен, өздері қайта жалғап алатын көрінеді. Рейд барысында Ақжарма көшесі 28 үйдің иесі электр желісін заңсыз жалғап алып жатқанының үстінен түстік.

Мамандар электр жүйесінен ажырату нәтижесіз дегенді айтады. Қорқыт Ата 3 квартал 7 үчаске тұрғының жарық үшін қарызы 204 мыңға жеткен. Бұл үйдің де жарығын бірнеше рет ажыратқанымен қайта жалғап ала берген. Ал Жахаев көшесі 144 үйдің 2 пәтер тұрғыны 296 мың теңге қарызын төлеуден жалтарып жүрген көрінеді. Бұл тұрғынға Энергосервис мамандары жеңілдік те жасап көрген. Бірақ бәрібір түк шықпапты. Ал Сыздықов көшесі 29 үйдің 264 мың теңге қарызын сот мәжбүрлеп өндіруге шешім шығарыпты.

Мекеме мамандары борышкерлер арасында жағдайы жақсылары да бар екендігін айтады. Бірақ олар қарызын төлеуге еш талпынбайды да екен. Мамандар енді жарық ақысын сот шешімімен мәжбүрлеп өндіруден басқа амал жоқ дейді.
Ерқанат Сәрсенбай

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>