Сырдың гимнастшы қыздары жеңіспен оралды

Астана қаласында 4 мемлекеттен 230 спортшы қатысқан «Жұлдыз -2015» кубогы үшін көркем гимнастикадан IV халықаралық турнир өтті. Көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан мен хореограф Гүлзира Әбуова жетекшілік жасаған сыр гимнастшылары облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды.

Алдымен Елордасы Астанада өткен халықаралық турнирге қатысып өнер көрсеткен спортшы қыздар іле-шала Жамбыл облысына аттанды. Онда өткен ашық чемпионат 19-21 маусым аралағында өтті. Жеті облыстан келген 12 команда үш күнге созылған жарыста бақ сынасып, топ жарған болатын.

гимнастика

2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Толқын Абдиева мен 2003 жылғылар арасында Айжан Қуандықова турнирдің қола жүлдесін иеленді. 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнастшылары топтық көріністе бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Аружан Құрмантай, Нұрай Ғабит, Шакира Қанатбек Гүлден Бердібек сынды гимнастшы қыздарымыз марапат биігінен көрінді.

18-21 маусым аралығында Жамбыл облысының ашық чемпионатына қатысып биіктен көрінген спортшыларымыз таңертең сыр еліне келді. Балаларының жетістіктеріне шексіз қуанған ата-аналар да гимнастшы қыздармен сағына қауышты. Олар да гимнастшы қыздардың әлі талай белестерді бағындырарына сенімді.

Sample domyhomework.guru program evaluation articleanalysis-evaluate the effectiveness of mary beard’s the public voice of women.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>