Сыр еліне халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов келді

Қазақтың Батыры алдымен Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, жаңа заманғы ғылыми зерттеу және интерактивті мультимедиалық құрал жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттерімен танысты. Қатысушылар ғарышкерді қошеметпен қарсы алды. Қонақ та ғарыш әлеміндегі әсерлерімен ой бөлісті.

gariwker03

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қаһармен батыр ағаларына өздерін қызықтырған сауалдарын қойысты. Көбіне оларды ғарышкердің балалық шағы, жастық кезеңі, білім алған ортасы, ғарышқа ұшардағы дайындықтары туралы білгісі келді. Шынайы әңгімелесу өтті. Ол физика, математика және химия пәндерінен өзгелерге үлгілі бола алмағанын жасырмай айтты. Мұнан соң, ана мен балаға арналған перинаталды орталығында болған ғарышкер Айдын Айымбетов дүние есігін жаңа ашқан сәбиге өз есімін беру рәсімін өткізді.

gariwker01

Ал, балалар ауылының тәрбиеленушілері ғарышкер ағаларын құшақ жая қарсы алды. Көздері бал бұл жанған балалар бүгінгі қуанышты күндерін жүздерінен ақ аңғартты. Айдын Айымбетов естелік ретінде балалар ауылының ауласына тал екті, суретке түсіп, арнайы қолтаңбасын қалдырды. Әр кездесу сайын Айдын Аханұлы жастарды ұлтты сүюге, адал, шыншыл болуға, білім алып, қоғамға пайда әкелуге шақырды.

gariwker

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>