Судағы цирк

Цирк аренасының қалыптан өзгешелігі ортадағы үлкен бассейн еді. Екі бөлімды бағдарламаның бірінші кезеңінде әуе гимнастары шырқау биікте шыркөбелек айналса, жонглерлер отпен ойнады. Суда алып қолтырауынмен айқас та қызыққа қызық қосты. Қос масқарампаздың әпенделік әрекеттері еріксіз езу тарттырады. Алғашқы бөлімнен-ақ қызыққа батқан бүлдіршіндер әсерлерін бөліскенше асықты. Екінші бөлімде алғашқы қызық, тосын таңданыстарға ұласты. Жануарлардың көрсеткен тамашалары олардың да қалыптасып қалған ойынпаздар екендіктерін көрсетсе, цирктің атлеттері де өз күштерімен көрермендердің қолапашында бөленді. Цирк әртістері де біздің телеарна үшін арнайы сұхбат берді. Алғашқы күні-ақ қызылордалықтардың ыстық ықыласына бөленген цирк әлі де бірнеше күн осы тамаша тартулары қызықтаушыларына ұсынбақ.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>