Суға түсу маусымы қатаң бақылауда

Күннің аптап ыстығында тұрғындардың дені, ашық өзендерге түсуге ынталы. Көбісі рұхсат етілмеген жерлерге шомылып, түрлі оқыс оқиғаларға тап болып жатады. Соған орай, Қызылорда облысының ТЖД дабыл қағуда.

ЧС

Су-тіршіліктің көзі дегенмен, оның тілсіз жау екенін азаматтарымыз әрдайым есте ұстай бермейді. Облыс аумағында су айдындарында – Сырдария өзені, каналдар мен көлдерде, әсіресе суға түсу маусымында азаматтардың суға кету фактілері көптеп орын алып жатады. Осы жағдайлардың алдын алу үшін облыстық ТЖД – нің ұйымдастыруымен дөнгелек үстел өтті. Шара барысында негізінен 2 мәселе төңірегінде сөз қозғалды. Бірінші мәселе биылғы жылғы суға түсу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары туралы болса, келесі мәселе облыс көлеміндегі балалардың жазғы тынығу лагерлерінің өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы баяндалды. Үстіміздегі жылы облыс бойынша 43 адам суға кетіп қаза тапса, олардың 15- і балалар болып отыр. Биылғы жыл басынан бері 5 суға кету оқиғасы тіркеліп , оның 4-уі балалар қазасы екендігі өкінішті. Сондықтан суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>