Студент жастар оқуға аттанды

Соңғы 2 жылда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Серпін-2050 бағдарламасы жүзеге асып, оңтүстіктегі жастардың еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарында жоғарғы білім алуына жағдай жасап келеді. Бұл бағдарлама биыл да өз жалғасын тауып, облыс талапкерлерінің мыңнан астамы солтүстік аймақтағы жоғарғы оқу орындарының грантын, 850-і колледж гранттарын жеңіп алды. Осы грант иегерлерін Сыр халқы сәттілік тілеп шығарып салды.
Serpin_03
Серпін-2050 бағдарламасы оңтүстік жастарын солтүстік аймақтардағы тау кен, алып өнеркесіп салаларында жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды. Ол үшін талапкерлер Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен қатар Қарағанды, Жезқазған, Ақмола облыстарындағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарында тегін оқытылып, мамандық алып шығады. Темір жол вокзалында Сыр халқы Шығыс Қазақстан облысына аттанған 80 грант иегерлерін шығарып салды. Облыстық білім басқармасының басшысы жастарға сәттілік тілеп, елімізге қажетті маман иесі болып шығатындарына сенім білдірді.
Serpin_01
Жоғарғы оқу орындарына түсіп, қолдарына жолдама алған жастардың қуанышын да шек жоқ. Барлығы мемлекеттік бағдарламаның талапкерлер үшін зор мүмкіндік екендігін айтуда. Олар мамандық алып шыққан соң, еліміздің индустрия саласын дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз деп сендіреді.

Бұл жастардың жоғарғы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Сутденттер ол жақта жатаханамен қатар, 3 мезгіл тамақпен де қамтылады. Сонымен қатар бағдаралама негізінде олардың жүріп-тұру жолақысы да төленеді. Тек жастар білімге зейін койып, сапалы маман иесі атанып шықса болғаны.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>