Соңғы қоңырау сылдыры

Қаламыздағы 1961 жылы бой көтерген №8 мектеп интернатта биылда соңғы қоңырау сылдыры естілді. Бұл қоңырау сылдыры осыдан 45 жыл бұрында есілген болатын. Сол жылдары Республикамызға еңбегі сіңген мұғалім Манаш апайымызда биылғы жылғы бітіруші түлектерімізге ақ тілегімен бірге келді.

8 школа интернат

Бірінен соң бірі өтіп жатқан бітіру кештері №8 мектеп интернатта да атап өтілді. Мерекелік кеште мектеп түлектері соңғы күнінде ұстаздарына арнап би билеп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар білім ошағында адал еңбек етіп жүрген ұсатаздарда оқушыларды бүгінгі қайталанбас мейрамдарымен құттықтап,алдағы келе жатқан сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған мамандығына түсуіге тілектерін білдірді. Бүгінгі бітіру кешіне арнайы келген Манаш апамызда1960 жылдан бастап білім жолында атқарған адал еңбегін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп айтып берді. Одан соң мектепті бітіргендеріне 45 жыл толған мерейтойларына жиналған Манаш апамыздың түлектері де мектеп оқушыларын құттықтап,арнайы сыйлықтарын табыстады. Мектеп табалдырығында есте қаларлық қаншама күнді бастан кешірген оқушылар бүгінде сол ұядан ұшып барат. Бірінің жүзінде қимастық сезім болса,ал бірінде қуанышты сәт. Әрине бұл күн олар үшін қайталанбас күн. 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған жас түлектер ұстаздарына алдағы уақытта алдын белгілерін білімі мен біліктілігі арқылы ақтап шығатындығын нық сеніммен білдірді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>