Шаһар басшылығы ғасыр жасындағы аналарды құттықтады

Шаһарымызда жүзден асқан, жүзге келген,жүзге енді шығатын үш ана бар. Олар жалынды жастық жылдарын туған елі үшін аянбай жұмсап, ерлермен теңдей ерен еңбектің үлгісін көрсеткендер . 8 наурыз-халықаралық әйел -қыздар мерекесі қарсаңында қала әкімдігі оларды үйлеріне барып құттықтап, апарған гүл шоқтарын , сый-сыяпаттарын табыс етті.
gorakim_Izeke
Қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесі алдымен Шәкәрім көшесінде тұратын ең жасы үлкен қарт ана Рабиға Қоянаеваның үйіне ат басын бұрды. Ол бес баланың анасы, сонымен бірге жеті немере мен тоғыз шөберенің ардақты әжесі. Жас кезінде күні- түні тыным таппағай салы орып, масақ терген.Сөйтіп, табан еті, маңдай терімен күн көрген абзал ана. Қазір кіші баласы Абдолланың қолында. Немере- шөберелерінің қызығын көріп отыр.
gorakim_Izeke02
Қарт әже Малика Анапияева биыл қаңтар айында 100-ге толды. Сырдария ауданының айдарлы ауылында дүниеге келген.Жоқшылықтың себебінен тұрмысқа ерте шыққан. Кеңшардың ,ұжымшардың жұмыстарын бір иіннен атқарып, белі бүгілмеген. Ол бүгіңде кіндіген тараған тоғыз баласынан 20 немере мен 8 шөбере сүйіп отыр. Тыл және еңбек ардагері.Мемлекеттік тарапынан берілетін жәрдемақыларды уақтында алып тұрады. Аманкелді көшесінде тұратын Назира Аймағамбетова алда келе жатқан мамыр айында 100-ге шығады. Өсірген ұл- қыздарының қызығын көріп отырған өңіріміздегі бақытты аналардың бірі. Өмірінше Абай атындағы кеңшарда әртүрлі жұмыс істеп, содан зейнетке шыққан.Өмірлік жолдасы темір жол саласында қызмет еткен.Өздері оқып ,сауат аша алмаса да балаларының бәрін оқытып, жоғары білім алуына ықпал еткен. Онбес шөберемнің ішіндегі бір шөпшегімді алдыма алып, ұстағанымның өзі мен үшін бір ғанибет -дейді ол.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>