Сессия отырысында 6 мәселе қаралды

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс елуінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, қала бюджетінің кірістері, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді игеру жайы талқыланды.

Алдымен 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетінің игерілуі талқыланды. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес кірісті республикалық трансферттер есебінен 74 млн 108 мың теңгеге көбейту жоспарланып отыр. Сондай ақ қала бойынша кіріс болжамының орындалмауына байланысты шығыстарды 18 млн 113 мың теңгеге секвестр жасалғаны да ескерілді. Ерекше экономикалық кезеңде оң-солды қаржы бөлінбейтіндігі айтылған. Нақты керекті салалар ғана қаржыландырылмақ.
GORMASLIXAT01
Мұнан соң Маханбетов ауылдық округінің бас жоспарын бекіту жайы талқыланды. Хабарлама жасаған сәулет және қала құрлысы бөлімінің басшысы мұқият жасалған бас жоспарды бекітуді ұсынды. Сонымен қатар сауда-саттыққа ұсынылатын жер телімдерінің тізбесін бекіту бойынша қалалық жер бөлімі басшысы Жақсылық Ержанов хабарлама жасап аукцион арқылы табысталатын жерлер туралы мағұлмат берді. Аталған мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып сессия қортындыланды.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>