Сардарбек балабақшасында өткен «алтын күз» мерекесі

Әр үйдің дастарханын әнге, қойманы дәнге толтыратын алтын да жомарт күз мезгілі табиғаттың ең берекелі уақыты. Молшылықтың бастауы, құс базарының тарқауы, сары ала жапырақтардың сардаланың әсем кейпін келтіретін кезі, күннің қысқарып, түннің ұзаруы осындай жарқын шақтарды балаларға үйрету тәрбиенің негізі. Күз мезгілін әнге қосып, көрініске арқау еткен Сардарбек балабақшасының тәрбиеленушілері күзді былайша дәріптеді. Ашылғанына 5 жыл болған бұл тәрбие ордасы Қармақшы ауданындағы жеке балабақшалардың алғашқы қарлығашы. Мұнда 60 қа жуық бала тәрбие алады. Қандай мерекеде болмасын олардың тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетуге асығады. Осындай өнегелі ортада өсіп жатқан балалапандарын көрген ата аналар да риза көңілдерін білдіруде. Бүгінгі салтанатты шарада балақайлар ЖАпырақтар биін билеп, алтын күзді дәріптейтін өлең тақпақтарын айтып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>