Сайлаушылар арасында

Алтыншы шақырылған қалалық мәслихаттың депутаттары үш күн бойы өз сайлаушыларын аралып алғашқы таныстық жұмыстарын бастады. Әр кездесуде олар тұрғындардың мақсат-мүделерін, талап-тілектерін тыңдап белгілі шешім қабылдауда.

Қалақ мәслихаттың депутаттық корпусы әп дегенен сайлаушылармен кездесуді бастады. Қалалық мәслихаттың хатшысы бастаған халық қалаулылары Тасбөгет кентіндегі бірнеше нысандарды аралады. Соның бірі өткен ғасырдың 90 жылдары салынған №176 орта мектеп. Үш қабатты, өз уақытының мықты құрылыс материалы есептелетін жергілікті селикат зауытының керпіштерінен салынға типтік жобадағы мектептің де шешімін күтіп тұрғын өз мәселелері бар. Осы күрмеуі қиын күрделі мәселелер халық қалаулыларының назарына ұсынылды.

Кентегі 1976 жылы салынға №11 мектептің жағдайы көңіл қуантарлықтай. Сырттан көмек күтіп отырмай, өз күштерімен мәселелерін шешеуді жолға қойған мектеп ұжымы арнайы орнатқан коллектор арқылы эелектр энергиясын үнемдеуге қол жеткізсе, сонымен қатар ыстық су алуға да мүмкіншілік жасаған. Мектеп ауласына орналастырылған жылыжай бір жағынан баларды табиғатты аялауға тәрбиелеп, еңбекке баулыса, сонымен қатар қияры мен қызанақтарын өздері егіп, пайдаланады. Мектеп оқушылары құс та бағады. Қалалық мәслихаттың депутаты Бақдәулет Ысқақов қысқы құсхана салу үшін жақын арада бес мың керпіш түсіріп беретін болды. Сәтімен ұйымдастырылған кездесулер осындай мырзалықтарға де қол жеткізіп отыр.

Мейрамбек Шуетов мүмкіндігім шектеулі екен деп, қол қусырып отырған жоқ. Қайта ол жиһаз цехын ашып 15 адамды еңбекпен қамтуда.
Синхрон Мейрамбек Шуетов
«Скоро мы переезжаем . Нам предоставили освободившееся здание бывшего детского садика. Здание аварийное. Мы его отремонтировали и есть вероятность расширить свое производство. Я считаю, работать можно, при любых условиях. Просто не надо бояться трудностей и трудиться, не покладая сил»
Бірнеше жылдан бері италян ағартушысы Марии Монтессори жүйесінде жұмыс істейтін «Күнекей» балабақшасында болған депуттар мекеменің қызметі мен тәрбиелік жұмыстарына көңілдері толды. Балдырғандардың аманатын қабылдаған аға-апалары оларға да өз қамқорлықтарын көрсетпек.
Қалалық мәслихаттың депуттары өздерімен бірге тиісті сала басшыларында ертіп жүрді. Бұл жұртшылықтың талап-тілектерінің тез арада жүйесін табуына игі әсерін тигізді. Алтыншы шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының мына қарқынды істері көңілге қонады. Халық арасында жиі болу халықтың да көңілдерін орнықтырады.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>