Полиция полковнигі парамен ұсталды

Полиция полковнигі пара алып ұсталды. Арал аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы шенді  аудан тұрғынынан қылмыстық ісін қысқарту үшін 300 мың теңге пара талап еткен. Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері 2015 жылғы 16 шілде күні шендіні параны алу үстінде құрықтады.

«Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-нің 366 бабы 2 бөлігі бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада. Өзге ақпараттарды тергеу құпиялылығына байланысты деген желеумен департамент қызметкерлері жарияламауда.

Sie wnschen eine gezielte vorbereitung https://schreib-essay.com auf fhrungsaufgaben.

Поделиться:

Автор Айдос Аман

"Қоғам Тв " арнасының редакторы. 25.08.1986 ж.т.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>