Полицейлер есірткі алқаптарын анықтады

Қызылордалық полицейлер Шалқия кентіне қарасты тау беткейінде есірткі алқабын анықтады. Нәтижесінже бес егістік алқабында егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатырған 1959 жылы туылған және 1987 жылы туылған 2 азамат ұсталды. Тексеру барысында аталған азаматтардың Жаңақорған кентінің тұрғындары екендігі белгілі болды. Өсіруге заңмен тыйым салынған 259 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылып, сезікті азаматтар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да тіркелген. Мырзабай елдімекенінен шығысқа қарай 30 шақырым жерде есірткі шөбін егіп-өсіріп жатқан 1977 жылы туылған аудан тұрғыны ұсталды. Аталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде алынған 545 түп өсімдіктің «сора» екендігі салмағы 272 келіден асатындығы анықталды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>