Облыстық коалицияның отырысы өтті

Қызылордада «Қазақстан 2050» жалпыұлттық демократиялыұ күштері облыстық коалициясының отырысы өтті. Онда үндеу қабылданып, меморандумға қол қойылды. Қазақстан 2050 жалпыұлттық демократиялық күштері облыстық коалициясының отырысына партиялардың жетекшілері, белсенділері, мемлекеттік ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, ардагерлер, жасотандықтар қатысты. Кеңес отырысын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орыбасары Ибадулла Құттықожаев өз сөзінде Елбасының сындарлы саясаты арқасында қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Сондықтан деклорация тәуесліз елімізде санаулы уақытта атқарылған жұмыстарды айшықтаған тарихи құжат екенін айтты. Коалицияның күн тәртібінде деклорацияны қолдау, ұлт жоспарының біртектілік пен бірлік бағыттарының аймағымызда жүзеге асырылуы сондай ақ, аймақтық коалицияның жаңа регламентін бекіту секілді мәселелер қаралды. Жиын қорытындысында аймақтық коалиция өкілдері барша қазақстандықтардың женкешті еңбегі мен ынта жігері паш етілген үндеу қабылданды. Сонымен қатар, қоғамдық күштерді жұмылдыру мақсатында коалиция мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>