ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Аптаның алғашқы күні аймақ басшысы Қоғамдық кеңес алдында кезекті есебін берді. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Сыр елінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосовтың төрағалығымен Достық үйінде аймақ басшысының Қоғамдық кеңес алдындағы кезекті есебі тыңдалды. Оған кеңестің 33 мүшесінің 30-ы  қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қысқы Универсиаданы өз дәрежесінде өткердік, енді алда келе жатқан ЭКСПО-2017 нің жақсы өтуіне Сыр елі атсалысуымыз керек деді. Сондай-ақ есептік кездесуде облыста атқарылып жатқан біршама жұмыстармен қатар биылғы жылдың басты жаңалығы елбасының Үндеуі мен Жолдауын тілге тиек етті.

Поделиться:

Автор Айзада Муратова

Корреспондент телеканала "Когам-ТВ"

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>