Нұр отан партиясының кезектен тыс хіх конференциясы өтті

Нұр Отан партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХІХ конференция өтті. Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен жиын «Қазақстан-2020: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталып, онда партияның Сайлауалды бағдарламасы, партия атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну және облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы үш мәселе қаралды.
конференция2
Кезектен тыс конференцияға облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев төрағалық етіп, шараға облыстың 11, аумақтық партия филиалдарының конференцияларында сайланған 183 делегаттың 172-сі қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық партия филалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов баяндама жасап, партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимылдар жоспары» атты Сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары мерзімінен бұрын жүзеге асқандығын атап өтті. Сонымен қатар биыл құрылғанына он жеті жыл толатын «Нұр Отан» партиясының ел дамуындағы жүзеге асырған жұмыстарын тізбектеп, ел тәуелсіздігін бұдан әрі дамытуда партияның бағыт бағдарының айқын екенін жеткізді.
конференция3
Конференцияның жарыссөзінде сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Құрмашқызы тәуелсіздік жылдарында ұлттық мәдениет пен шығырмашылықтың жаңаша қарқын алғандығын білдірді. Бүгінгі мәдениет пен әдебиеттің қалыптасуына жетекші партияның қосқан үлесі зор екенін де айтып өтті. Конференцияға жастар атынан делегат болып сайланған Мұхтар Ниязов сөз алып, Елбасының сындарлы саясатын жастар да қолдайтындығын айтты. Мемлекет тарапынан ел жастарына қолдаудың толастамағанын жеткізіп, өз сөзін жыр шумақтарымен сабақтады.
конференция1
Жиынды қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев отырыстың міндеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен саясатына қоғамды топтастыру екенін жеткізді. Бүгінгі елдің жеткен жетістігі тәуелсіздік пен ұлт көшбасшысының арқасында бағындырған биік екенін ерекше атап өтті. Алған бағытымыз айқын, бейбітшілігіміз бен біртұтастығымыз осы сөзіміздің айғағы дейді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Нұр Отан партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылатын кандидаттар тізімінің жобасы таныстырылып, делегаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды. Үшінші мәселеге сәйкес облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Жиынның күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>