«Нұр отан» партиясының есеп беру — сайлау конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясының кезекті ХХІ есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев, партия хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, аймақтық және бастауыш партия ұымдарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Есеп беру – сайлау конференциясында 4 мәселе қаралды. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Бас партияның есеп беру жиынын ашқан аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев еліміздің ширек ғасыр ішінде жеткен жетістігін Елбасы салиқалы саясаты мен қазақстандықтардың тынымсыз еңбегінің арқасы деді. Қазақстан Республикасы Парламентінің «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» декларациясын қабылдауы тарихи шешім деп есептеймін дегенді айтқан әкім, бұл тұрғыда Нұр Отан партиясының сіңірген еңбегінің ерекше екенін де жеткізді. Бұдан соң партияның облыстағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев баяндама жасап, жыл бойғы атқарған жұмыстармен жұртты таныс етті. Есепті кезеңде партия мүшелері 312 473 адамның қатысуымен 2302 үгіт-насихат шараларын өткізген. Бұдан бөлек облыста «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» және «Ауыл жастарын жұмыспен қамту» секілді әлеуметтік маңызы зор жобалар жүзеге асырыпты. 6 мың 420 адам облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдауына арыз-шағым түсірген. Мұнан соң фракция мүшелері жарыс сөзге шығып, партияның ел дамуы жолында жасаған жұмыстарын кемеріне келтіре айтты. Нәйлә Палымбетова «Нұр Отанның» білім саласына айрықша көңіл бөлгенін айта келе, соның арқасында бүгінде облыстағы мектепке дейінгі балалардың 100 пайыз балабақшамен қамтылуын үлкен жетістік деп бағалады. Жиын соңына қарай сөз алған «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Зауытбек Тұрысбеков партияның облыстық ұйымының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, филиалдың қызметін одан әрі жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берді. Қырымбек Көшербаевты фракция мүшелерінің дауыс беруі арқылы филиал төрағасы етіп қайта сайлады. Жиын соңында бірқатар партия белсенділері Партия төрағасының Бірінші орынбасары «Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Құрмет грамотасы» және облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаевтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>